Республиканың басым бөлігінде жауын жауады

Республиканың басым бөлігінде жауын жауады
Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 29 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Республиканың басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады, еліміздің оңтүстік-шығыс таулы аудандарында қатты жауын-шашын, оңтүсігінде жаңбыр, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Тек қиыр батыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.