Ресейдегі қандастарымыз Мәжіліс депутаттарын сайлауда дауыс бере алады

Ресейдегі қандастарымыз Мәжіліс депутаттарын сайлауда дауыс бере алады
Сурет: Egemen.kz

Ресейдің бес қаласында сайлау учаскелері ашылады.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде 18 жасқа толған азаматтар №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сайлау учаскесінің жұмыс уақыты: Мәскеу уақыты бойынша 07:00 - 20:00. Мекенжайы: Мәскеу, Чистопрудный бульвары, 3 «А». Сайлаушының өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы қажет», - деп хабарлады Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі.

Мәскеуден басқа, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін дауыс беруге болады:

Санкт-Петербург – Рылеев көшесі, 10, No 290 сайлау учаскесі;

Қазан қаласы – Карл Маркс көшесі, 8/13, No 301 сайлау учаскесі;

Астрахань қаласы – 1-Аршанская көшесі, 17, No 291 сайлау учаскесі;

Омбы қаласы – Шоқан Уәлиханов көшесі, 9, No 292 сайлау учаскесі.