Ресейде баласы жоқ отбасыларға салық салынбақ

Ресейде баласы жоқ отбасыларға салық салынбақ
Сурет: ашық дереккөз

 Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының бюджет және салық жөніндегі комитетінің мүшесі Евгения Федоров ұрпақ өрбіткісі келмеген отбасыларға салық салуды ұсынды, деп жазды  Lenta.ru тілшісі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Бала тууды ана капиталы арқылы да ынталандыру қажет. Бұл жобаларға қаржы жетпесе, салықты енгізу керек», - деді ол.

Яғни, ресейлік депутат ана капиталына қажетті қаражатттың бір бөлігін перзент сүюден саналы түрде бас тартқан отбасылар есебінен өндіріп алуды ұсынып отыр. Мұндай процедураның Кеңес Одағы кезінде болғанын айта кетпекпіз. 1949 жылы баласы жоқ ауыл тұрғындары жылына 150 сом, бір баласы барлар 50 сом, екі балалы отбасылар 25 сом мөлшерінде салықты 1952 жылға дейін төлеген. Мұндай салықтан денсаулығына байланысты бала көтере алмайтын адамдар босатылған.