Қазан айында қай елде алтын көп сатылды?

Қазан айында қай елде алтын көп сатылды?
Сурет: ашық дереккөз

Өзбекстанның Орталық банкі қазан айында басқа елдерге қарағанда көбірек – 11 тонна алтын сатты. Бұл туралы Дүниежүзілік Алтын Кеңесінің (WGC) ай сайынғы деректерінде айтылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Есепті кезеңде әлемдік орталық банктердің жалпы алтын қоры 42 тоннаға өсті.

Қазан айында бағалы металдарды ең белсенді сатып алушылар Қытай (23 тонна), Түркия (19 тонна) және Польша (6 тонна) Орталық банктері болды.

Бұл кезде алтынның негізгі сатушысы Өзбекстанның Орталық банкі болды – 11 тонна. Сондай-ақ Қазақстанның Орталық банкі 2 тонна алтын сатты.