Қазақстанда күн күрт суытатыны болжанды

Қазақстанда күн күрт суытатыны болжанды
Сурет: ашық дереккөз
Еліміздің 13 облысында 7 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Түнде және таңертең Қызылорда облысыныңсолтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, түнде солтүстік-батыстан облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың таулы аудандарында ауа температурасы +11...+16 градустан +2...+7, кей тұста -3...+2, өңірдің солтүстігіне -6...-11 градусқа дейін күрт төмендейді деп күтіледі. Алматыда күндіз ауа температурасы +14...+16 градустан -1...+1-ге дейін, Қонаевта күндіз ауа температурасы +11...+13-тен 0+2-ге дейін күрт төмендейді деп болжанады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысыныңоңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте және Түркістанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман болады күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді.

Ақтөбе облысыныңсолтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран, көктайғақ болады деп болжанады. Өскеменде қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Павлодар облысыныңбатысында, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде Павлодар қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні де 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Абай облысыныңсолтүстігінде, шығысында, орталығында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жетісу облысыныңсолтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүредітдеп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда да солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.