Рамазан айының басталуына 17 күн қалды

Рамазан айының басталуына 17 күн қалды
Сурет: интернеттен

Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.

2024 жылы Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен күнтізбеге сәйкес, Рамазан айы 11 наурызда басталады. Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт – 10 сәуір.

Ал Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға келеді.

Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.