Президент Тоқаев екі министрге сөгіс жариялады

Президент Тоқаев екі министрге сөгіс жариялады

Қазақстандағы жеті қант зауытының төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz

Президенттің айтуынша, бұрын іске қосылған жеті қант зауытының қазіргі уақытта төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. 

«Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша қантының үлесін 6 есееге, 2026 жылға қарай 7-ден 43%-ға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Алайда соңғы 4 жылда қызылша қантының аумағы үш есеге қысқарған. Біз 90% импорттық қантқа тәуелдіміз. Бұл жерде ЕАЭО аясында шешімге жүгінуге  болады. Бірақ қалай болған күннің өзінде бұл Үкіметтің есептен күрделі жаңылысы», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар ол Үкімет мемлекеттің позициясын қорғамағандығын айтты. 

«Демек, мемлекеттің позициясы қорғалмаған. Сондықтан мен министр Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.