Үй сатып алушылардың көбі алматылықтар

Үй сатып алушылардың көбі алматылықтар
Сурет: Кn.kz

Бұл - өткен айдағы мәлімет.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде шілде айында тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны азайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2021 жылғы шілдеде тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша тіркелген мәмілелер саны 46 255-ке жетті, бұл өткен аймен салыстырғанда 14,4% аз болды», – делінген бюро таратқан ақпаратта.

Өткен шілде айында тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша ең көп келісім Алматы қаласында жасалған – 6 833. Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан қаласы (5 708), Қарағанды облысы (5 361), Маңғыстау облысы (3 356) және Алматы облысы (3 252) тұр.

Жалпы, биылғы қаңтар-шілде айлары аралығында баспанаға қатысты барлығы 323 693 келісім жасалған. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе көп.