Қасым-Жомарт Тоқаев: «Аманат» партиясына жаңа тұғырнама қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Аманат» партиясына жаңа тұғырнама қажет
Сурет: Igromania.ru

Негізгі құндылықтар өзгермеуі тиіс.

«Аманат» партиясына жаңа тұғырнама қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

«Дамудың жаңа кезеңінде партияға жаңа тұғырнама қажет. Негізгі құндылықтарымыз өзгермеуі тиіс. Орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырамын. Партия ішінде мұқият талқылап, келесі съезде бекітеміз», - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезінде.