Қазақстан Президенті Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентопты қабылдады

Қазақстан Президенті Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентопты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

ҚР Президенті: Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара сенімге, достыққа негізделген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде құбылмалы жағдай қалыптасса да, түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығының өте маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Әлемдегі құбылмалы жағдайды ешкім дөп басып болжай алмай отыр. Осыған қарамастан, біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара сенімге, достыққа негізделген», – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанына тоқталып, бауырлас елдің жетістігіне қуанатынын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағын жоғары бағалады.

«Қараша айында біздің елде өтетін Түркі кеңесі елдерінің саммитінде түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жөнінде бірқатар маңызды шешім қабылданады деген үміттеміз. Өзіңізді сол саммитте күтеміз», – деді Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы.