Президент теннисші Елена Рыбакинаны сенімді жеңісімен құттықтады

Президент теннисші Елена Рыбакинаны сенімді жеңісімен құттықтады
Сурет: Ақорда кz

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Брисбен турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаға жылы лебізін жолдады. Бұл жайында Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.