Президент тапсырмасы бойынша Роман Скляр апат салдары жойылғанға дейін Екібастұзда болады

Президент тапсырмасы бойынша Роман Скляр апат салдары жойылғанға дейін Екібастұзда болады
Сурет: inform.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанша Екібастұзда болады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін бірінші вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді.