Қатар-2022: Сұрмергендер көшін үш голмен бес футболшы бастап тұр

Қатар-2022: Сұрмергендер көшін үш голмен бес футболшы бастап тұр
Сурет: Championat.com

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңінен кейін сұрмергендер көшін үш гол соққан бес футболшы бастап тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Дүбірлі додада қазірге дейін барлығы 90 футболшы гол соғып үлгерді. Олардың арасынан англиялық Маркус Рашфорд, испаниялық Альваро Мората, франциялық Килиан Мбаппе, нидерландтық Коди Гакпо және эквадорлық Энвер Валенсия үш мәрте қақпаны дәл көздеді.

Ал 18 футболшы екі голдан соқса, қалғаны әзірге бір ғана мәрте мергендік танытты.