Алматыда Астана күніне орай ұлттық нақыштағы тігін цехы іске қосылды

Алматыда Астана күніне орай ұлттық нақыштағы тігін цехы іске қосылды
almaty-akshamy.kz

Нұр-Сұлтан қаласының мерекесіне орай Алматы қаласы Әуезов ауданының "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығында ұлттық стильде қолөнер бұйымдарын тігу бойынша тігін цехының салтанатты ашылуы өтті. Онда 7 адам жұмыс істейді. Олар қазақтың дәстүрлі көрпелері мен жастықтарын, сондай-ақ ұлттық нақыштағы басқа да бұйымдарды жасайды. 

Цехтың жалпы ауданы 180 шаршы метр. Онда  3 тігін машинасы мен басқа да қажетті жабдықтар мен шығын материалдары бар. 

Жобаның мақсаты – қазақтың көне құндылықтарын қолдау, ұлттық өнер мен қолөнер мұрасын сақтау, қазақ халқының бұрынғы келбетін табиғи қалпына келтіру және сәндік-қолданбалы қолөнер мәдениетін дамыту. Атап айтқанда, "Ару-ай" цехында қазақтың дәстүрлі келіндері "қыз жасауы" үшін киімдер, көрпелер мен жастықтар тігеді. 

Ауданның көп балалы әйелдерін жұмыспен қамтамасыз етіп, дәстүрлі қазақ стиліндегі заттарға деген сұранысты арттырады. Цехтың ашылуы өскелең ұрпақтың дәстүрлі рухани мәдениетін, ұлттық ойлау, іскерлік пен кәсіби ерекшеліктерін нығайтуға бағытталған.