Президент стипендиясын тағайындау ережесі өзгерді

Президент стипендиясын тағайындау ережесі өзгерді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұйрық  9 наурыздан бастап күшіне енеді.

Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 20 ақпандағы бұйрығымен Қазақстан республикасының президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесіне өзгерістер енгізді.

Стипендия студенттер мен магистранттардың мынадай санаттарына тағайындалады:

республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалықтар, өнертабыстар авторлары;

ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

Стипендия тағайындау кезінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға басымдық беріледі.

Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорының бұйрығымен іске асырылады.