Президент сайлауына арналған бюллетень дайындалды

Президент сайлауына арналған бюллетень дайындалды
Сурет: Sputnik.kz

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Қарашада өтетін Қазақстан президентінің сайлауында дауыс беру бюллетені дайын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дауыс берушілер таңдаған кандидаттың аты-жөні жазылған тұстағы бос шаршыға кез келген белгі қоюы керек. Соңғы баған – «Бәріне қарсымын».

Орталық сайлау комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, сайлауға 11 миллион 950 мың 485 адам қатыса алады. Резерв есебімен 12 миллион данадан астам дауыс беру бюллетені басып шығарылды.

Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.