Президент кортежі жол апатына ұшырады

Президент кортежі жол апатына ұшырады
almaty-akshamy.kz

Белгісіз біреу АҚШ президенті Джо Байден кортежіндегі көліктердің бірін қағып кетті. Мемлекет басшысында бәрі жақсы. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабар таратқан, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Kazinform ға сілтеме жасап.

Президент кортежінің жол талғамайтын көлігін мемлекет басшысы жұбайы Джилл Байденмен Уилмингтон орталығындағы (Делавэр штаты) демократиялық штабтан шыққан кезде белгісіз біреу қағып кетті.

- Қатты соққы естілген кезде АҚШ президенті көліктің жанында тұрды, - деп жазды журналистер.

АҚШ құпия қызметінің агенттері апатқа жауапты көлікті тез қоршап алып, жүргізушіге қару кезенген, ол бірден қолын көтерді.

Апат алдында Байден БАҚ-тың бұрынғы президент Дональд Трампқа қатысты сауалдарына жауап берген.