Елде ет бағасы тағы да қымбаттайды

Елде ет бағасы тағы да қымбаттайды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Қазақстан әлем бойынша ет тұтынудан 49-шы орында тұр.

Еліміздегі Ет одағының болжауына сүйенсек, еттің бағасы тағы да қымбаттамақ.

Бүгінде сиыр етінің бір келісінің өзі 4 мың теңгеден сатылады. Енді бұл баға да одан әрі жоғарылап кетуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сарапшылардың айтуынша, делдалдар еттің бағасын көтермелеп жіберетіндіктен қымбатқа шығады. Тіпті кейде үстінен 50%-ға дейін қосады. Мұның кесірінен қарапайым сатушылар етті үстеме бағамен сатуға мәжбүр болады.

Күзде арпаның бағасы өсіп, ірі ет инвесторлары тапшы болады деген болжам бар. Сарапшылардың сөзінше, мұның барлығы алдағы уақытта шығынның өсуіне әкеледі.

«Біз Қазақстанды сиыр етімен толық қамтамасыз ете аламыз. Импорт та келіп жатқандықтан, бағаға әсер етеді», - деді Қазақстан Ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыров.

Оның айтуынша, егер мемлекет жем-шөп базасын ұлғайту шараларын қабылдамаса, баға төмендемейді.