Полиция курсанттары ашық аспан астында күй тартты

Полиция курсанттары ашық аспан астында күй тартты
Сурет: Алматы қалалық ПД

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары Көлсай көлі мен Шарын шатқалында күй тартып, ән шырқады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Ашық аспан астында 1-курс курсанттары өнерлерін ортаға салды. Осылайша, олар көпшілікке ерекше көңіл-күй сылайды. 

Аталмыш іс-шараны ұйымдастырушылар бұл видеоны қазақстандық полицияның имиджін арттыру, шетелдік қонақтарға қазақ мәдениеті мен өнерін көрсету және жастарды полиция қызметіне баулу мақсатында түсіргенін айтып отыр.

«Ұлттық музыкалық аспапта ойнау арқылы полиция мен халық арасындағы тұтастай байланысы мен бірлігін көрсете алды деген сенімдеміз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ержан Бимолданов.