Полиция кәсіпкерден миллион доллар бопсалаған азаматты ұстады

Полиция кәсіпкерден миллион доллар бопсалаған азаматты ұстады
Сурет: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау). ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.