Полицейлер автобуспен шеруге шықты

Полицейлер автобуспен шеруге шықты
Сурет: видеодан алынды

Франция астанасы Парижде полиция офицерлері төбесі ашық автобусқа мініп, шеруге шықты.

Олар биыл өтетін Жазғы Олимпиада кезіндегі жұмыс жағдайы мен жалақы туралы келіссөздерді жеделдетуді талап етіп жатыр. Және де шерушілер барлық тәртіп сақшыларына мың жарым еуродан бонус төлеуді сұрады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ке сілтеме жасап. 

Париж Олимпиадасы биыл шілденің 26 күні ашылады. Француз үкіметі сол салтанаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 30 мыңдай полицей мен жауынгер тартуды жоспарлап отыр.