«Парасат» тұрғын үйі кешені мен Рысқұлов даңғылының қиылысында жерүсті өткелі салынады

«Парасат» тұрғын үйі кешені мен Рысқұлов даңғылының қиылысында жерүсті өткелі салынады
mail.kz

- «Парасат» ТК мен Рысқұлов даңғылының қиылысында жерүсті өткелінің  жобалау-сметалық құжаттамасын әзірледік, - деді Алматы қаласы әкімінің м.а. Е.А. Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

Сұрақ:
- Мен «Қайрат» шағынауданында орналасқан «Парасат» тұрғын үйі кешенінің 2400 тұрғыны атынан келіп отырмын. Үш жылдан бері қарастырылып келе жатқан аспалы көпір туралы сұрағым келеді. Себебі біз магистралды Рысқұлов көшесімен өтеміз. Жаяу жүргіншілер өткелінен өту үшін 600-700 метр жүріп, одан кейін аялдамаға дейін қайтадан кері жүруге тура келеді. Қазір қыс уақыты, өте қиын. Баласы бар аналарға өте тиімсіз. Осы мәселені қарастыруларыңызды сұраймын.

Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы басшысының міндеттерін уақытша атқарушы Ернұр Абжахан жауап берді:
- Шынымен бұл жерде үлкен мәселе бар. Рысқұлов көшесі магистралды көше болып саналады. «Парасат» ТК мен Рысқұлов даңғылының қиылысында жерүсті өткелінің  жобалау-сметалық құжаттамасын әзірледік. Өткелді салу келесі жылдың жоспарында қарастырылған. Қазір конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйым анықталғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады.