2023 жылы Түрксіб ауданындағы атауы жоқ 82 көшеге көрнекті тұлғалардың есімдері беріледі

2023 жылы Түрксіб ауданындағы атауы жоқ 82 көшеге көрнекті тұлғалардың есімдері беріледі

Қазіргі таңда 82 көшенің атауы жоқ.

Бүгін Алматы қаласы әкімінің м.а. Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесуде Е.Досаевқа «Қайрат» шағынауданында көптеген көшелердің атауы жоқ. Соған атау беріле ме?» деген сұрақ қойылды.

Оған Алматы әкімінің м.а Ерболат Досаев:

«Түрксіб ауданында 82 көшеде атау жоқ. Келесі жылы қаңтар айынан бастап ономастикалық комиссиямен келісіп, атаусыз көшелерге көрнекті тұлғалардың есімін беру мәселесін қарастырамыз», - деп жауап берді.