Алтынның бағасы құлдырай бастады

Алтынның бағасы құлдырай бастады
Сурет: Finance.rambler.ru

Жыл басынан бері 10%-ға төмендеді.

АҚШ-тың ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерінің күрт көтерілуі АҚШ доллары индексі мен АҚШ қазынашылық кірістілігін арттырғандықтан, алтын бағасы құлдырай бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Өткен аптада ФРЖ басшысы Джером Пауэлл орталық банк әлемдегі ақша-несие саясатын қатаңдату циклін бәсеңдетуге ниеті жоқ деп ескертуі бағалы метал бағасына қатты әсер етті.

Бұл ретте алтын бағасының бесінші ай қатарынан төмендеуі алтын қорлары бар елдерге әсер етіп, инвесторлардың бағалы металға деген қызығушылығын төмендетуі мүмкін. 

Айта кететіні, ҚР Ұлттық банкінің соңғы мәліметтері бойынша, шілдеде елдің алтындағы қорының көлемі 21,1 млрд долларды құрады, демек бір айда оның бағасы 5,84%-ға, ал жыл басынан бері 10%-ға төмендеді.