Өзбекстанда тұмаудың жаңа түрі тіркелді

Өзбекстанда тұмаудың жаңа түрі тіркелді
Сурет: ашық дереккөз

Өзбекстанда H3N2 атауымен белгілі гонконг тұмауының штамын жұқтыру дерегі тіркелді. Вирус жылдам таралса, пандемияға соқтыруы мүмкін деген қауіп бар.

Сала мамандары бұл індеттің алдын алу үшін күзде тұрғындарға 2,2 млн доза вакцина егілген дейді. Екпені негізінен медицина қызметкерлері, мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен жеткіншектер алған.

Соңғы аптада көрші елде тұрғындардың жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтыру дерегі едәуір төмендеген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Есесіне, "шошқа тұмауы" атанып кеткен H1N1 вирусын жұқтырудың жыл басынан бері 4 жағдайы анықталды.
"Зертханаларда жүргізілген талдау нәтижесіне сай, әзірге тұмаудың бұл түріне шалдыққан 4 адам бар. Олармен қарым қатынаста болғандар жіті тексеріліп, жағдайды қатаң бақылап отырмыз. Арнайы мониторинг жүргізіп, індеттің таралуына тосқауыл қою шараларын қолға алдық", дейді Өзбекстан республикасы ДСМ СЭС және қоғамдық денсаулық комитеті басшысының орынбасары Нұрмат Отабеков.