Алматыда ірі алаяқтыққа қатысы бар адам ұсталды

Алматыда ірі алаяқтыққа қатысы бар адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреу қаржылық интернет алаңында ақшаны криптоволютаға айналдырамын деген желеумен ірі көлемде ақшаны иемденген.

Алматыда ірі алаяқтыққа қатысы бар адам ұсталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға алаяқтық туралы бірнеше хабарлама келіп түскен.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бірі – К.есімді азамат ұсталды. Анықталғандай, жас жігіт алаяқтық жолмен алынған ақшалай қаражатты қабылдап отырған. Ұстау кезінде күдіктіден 3 телефон, 8 SIM-карта және әртүрлі адамның атына ашылған 14 банк картасы тәркіленді. Осы дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп жатыр», – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетке басқа да қатысушыларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.