Атақты теннисші Роджер Федерер үлкен спортпен қош айтысты

Атақты теннисші Роджер Федерер үлкен спортпен қош айтысты
Сурет: Sport.ru

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер үлкен спортпен қош айтысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлыбритания астанасы – Лондон қаласында Лэйвер кубогі көрмелік турнирінде ол өзінің спорттық мансабындағы соңғы кездесуін өткізді. Аталған сайыста испаниялық Рафаэль Надаль екеуі жұптық сында америкалық Фрэнсису Тиафо және Джеку Сокуға қарсы ойнады. Олар қарсыластарына есе жіберіп, кездесуді жеңіліспен аяқтады.

Роджер Федерер 1981 жылдың 8 тамызында дүниеге келген. Спорттық мансабында түрлі жарыста 103 мәрте топ жарды. Оның ішінде «Үлкен дулыға» турнирінде 20 дүркін чемпион атанды.

Сондай-ақ, 2008 жылы Бейжің олимпиадасында жұптық сында отандасы Станислас Вавринка екеуі алтыннан «алқа» тақты.

Ал, 2012 жылы Лондон олимпиадасында жекелей сында күміс медаль алды.