Отандық химия өнеркәсібінің сыртқы нарыққа экспорты артып келеді

Отандық химия өнеркәсібінің сыртқы нарыққа экспорты артып келеді
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық тауар өндірушілер шетелге 559,5 млн доллардың өнімін жеткізді.

Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47%-ке жоғары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Айта кету керек, биылғы жылдың 5 айында отандық тауар өндірушілердің нарықтағы үлесі артқан. Ол 9,3% құрады. Сарапшылар халықаралық өңдеу өнеркәсібі көрмесі аясында саланың дамуын талқылады, деп хабарлайды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Салалық өндірістің ең үлкен үлесі «өнеркәсіпке арналған химикаттар» секторына тиесілі. Ол 65% астамын құрады. Одан кейін агрохимя - 22%, «базалық мұнай-химия» секторы – 11,5% құрады. Жалпы, химия саласы өндірісі 400 миллиард теңгеден сәл асқан. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіштен 58,7%-ке жоғары.