Өрттен төрт бала қаза тапты

Өрттен төрт бала қаза тапты
almaty-akshamy.kz

Patriotnews.kz  жазуынша өрт Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов ауылында 23 ақпанда кешкі сағат 18:00-де тұрғын үйде болған, өрт салдарынан төрт бала қаза тапқан. Бұл туралы жазды. 

Өрт сөндірушілер төрт жасар баланың денесін тапқан, ол наурызда 5-ке толар еді. Екінші баланың да денесі табылған, ол да алдағы наурызда 4-ке толуы керек болған. Қайтыс болған үшінші бала – маусымда 3-ке толатын екі жасар бала. Төртінші, қыз баланың денесі де табылған. Оның жасы анықталып жатыр.

Полиция балалардың үйде қанша уақыт қараусыз отырғанын анықтау үстінде. Өрт пештен шыққан. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің мамандары мен полиция жұмыс істеуде.