Неке құрған жастар отбасы құндылығын біле ме?

Неке құрған жастар отбасы құндылығын біле ме?
Сурет: ашық дереккөз

Биыл қыркүйекте ерлі-зайыптылар үшін ақпараттық-түсіндіру шараларының кешені іске қосылады.

Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Отбасы құндылықтарды одан әрі нығайту мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, осы жылдың қыркүйек айында некеге тұрған ерлі-зайыптылар үшін оң ықпалы бар отбасылық дәстүрлер мен рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау, отбасын жоспарлау және ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мәселесі бойынша некеге тұрған ерлі-зайыптылар үшін ақпараттық-түсіндіру шараларының кешенін (е-gov платформасындағы жадынама, офлайн және онлайн форматтағы бейнероликтер, семинарлар мен тренингтер және басқа да шаралар) іске қосуды жоспарлап отыр», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің дерегінше, елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы саласында белгілі оң динамика байқалады.