Елімізде құс еті көбірек өндіріле бастады

Елімізде құс еті көбірек өндіріле бастады
Сурет: интернеттен

Былтыр 288,7 мың тонна құс еті өндірілген.

Aуыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,9 процентке артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

АШМ ақпаратынша, республикада бүгінде 69 құс фабрикасы, оның ішінде 34 жұмыртқа және 29 ет бағытындағы, сондай-ақ 6 асыл тұқымды өнім шаруашылығы бар. Ал құс басы 49,9 миллионнан асады.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша шаруашылықтардың барлық санатында құс етін өндіру көлемі 288,7 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,9%-ке артық. 5,1 млрд дана тауық жұмыртқасы шығарылды, бұл былтырғы көрсеткіштен 4,4%-ке жоғары", - делінген хабарламада.

Құс фабрикалары өндірген тағамдық жұмыртқаның үлесі 75,3%, жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесі 24,6% құрайды. Ішкі нарық 101 процентке қамтамасыз етіліп отыр.

Ведомсто мәліметінше, биыл бірінші жартыжылдықта шаруашылықтардың барлық санатында 165,2 мың тонна (+14,4%) құс еті өндірілді. Сондай-ақ шамамен 2,4 млрд дана (-1,8%) тауық жұмыртқасы шығарылды.