Тұрғыт Озал көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады

Тұрғыт Озал көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады
Almaty-akshamy.kz

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес, биылғы жоспарға Тұрғыт Озал көшесінің Төле би көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі ұзындығы 1,8 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған болатын.  

22 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 06:00-ге дейін Тұрғыт Озал көшесінің Төле би көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы толығымен уақытша шектеледі. 

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly), сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарын ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.