Жер мәселесіне қатысты 246 іс сотта қаралып жатыр

Жер мәселесіне қатысты 246 іс сотта қаралып жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Елде екі жыл ішінде бос жатқан және заңсыз берілген 7,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Оның ең көбі Қарағанды облысында 1,5 млн гектар жер анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Қостанайда 738 мың, Ақтөбеде 745 мың, Түркістанда 631 мың, ал Павлодарда 532 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайта өткізілді.

Жалпы осы кезге дейін ауылшаруашылық жерлеріне 2410 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. 246 іс сотта қаралып жатыр.