Найзағай ойнап, дауыл соғады

Найзағай ойнап, дауыл соғады
kaz.nur.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша Астанада бүгін күндіз найзағай, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші – 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында күші – 15-20 м/с.

Түркістан облысының тау және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші – 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысында да қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Ал, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с күтіледі.