Мұнай өңдеу көлемі 3 млн тоннаға өсті – министр

Мұнай өңдеу көлемі 3 млн тоннаға өсті – министр
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша, үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн тонна шикі мұнай өнделеді. 

Соңғы 5 жылда біз бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін), дизельдік отынды 30%-ға өсірдік (4 млн-нан 5,2 млн. тоннаға дейін), - деп хабарлады Болат Ақшолақов.