Мопед ұрлауды кәсіп еткен алматылық жұп қолға түсті

Мопед ұрлауды кәсіп еткен алматылық жұп қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

Мопед ұрлаушылар уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.

Ұрлық жасаумен айналысқан әйел 27-де болса, оның серігі 26 жаста, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қазіргі уақытта ұсталғандардың бөтеннің мүлкін ұрлаудың екі дерегіне қатыстылығы анықталды. Осы қылмыстарды жасау кезінде қаскөйлер бейнекамералардың объективіне түсіп қалған. Күдіктілердің жеке басы анықталды және ұсталды. Жұп қылмыстық әрекеттің жоспарын бірге әзірлеп, жүзеге асырды. Олар қала көшелерінде қараусыз қалған мопедтерді аңдып, ұрлап кеткен. Содан кейін мүлікке өз қалаулары бойынша иелік еткен», – деді Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Ол Алматы облысының тумасы, бұрын құқықбұзушылығы болмаған. Серігі Түркістан облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыскер жұптың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.