Министрлік білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлерін жариялады

Министрлік білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлерін жариялады
Сурет: Top-news.kz

 Бұл азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында жарияланып отыр.

Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық өңіріндегі білім басқармалары басшыларының ұялы телефондары мен әлеуметтік желідегі аккаунттарын жариялады. Сондай-ақ орынбасарларының нөмірлері да көрсетілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

«Білім беру ұйымдарының жұмысына, балаларды оқытуға және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, қазақстандықтар білім басқармалары мен аумақтық бөлімдердің басшыларына тікелей хабарласа алады. Ата-аналар, педагогтер білім саласындағы проблемалар жайында хабарлай алады. Басшылар азаматтардың өтініштеріне жедел ден қойып, қажетті шешімдерді уақытында қабылдауы қажет. Қаржыландыру, құрылыс, жөндеу жұмыстары әкімдіктердің құзырында екенін естеріңізге сала кетейін», - деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Сонымен қатар білім басқармаларында call-орталықтар құрылды. Оған да азаматтар білім беру мәселелері бойынша жүгіне алады. Call-орталықтардың нөмірлері әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланған.

Білім басқармалары басшыларының нөмірін мына жерден көруге болады.