Саин көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі

Саин көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі
Сурет: Zakon.kz

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.

Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13 қыркүйек сағ.21:00 мен 14 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Абай даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сонымен қатар, 13 қыркүйек сағ.21:00 мен 14 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында және 14 қыркүйек сағ. 21:00 мен 15 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі. Ал 14 қыркүйек сағ.21:00 мен 15 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады», - делінген Алматы қалалық мобилділік басқармасы таратқан ақпаратта.

Басқарма келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.