Мейірім Нұрсұлтанов кезекті жеңісіне қол жеткізді 

Мейірім Нұрсұлтанов кезекті жеңісіне қол жеткізді 
Сурет видео скрині

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой мансабындағы 20-шы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ол кеше Ташкентте өткен кәсіпқой бокс кешінде чилилік боксшы Хулио Аламоспен жұдырықтасқан болатын. «Хумо Аренада» өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған.

Нәтижесінде орта салмақтағы отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, ол WBC чемпионының міндетті қарсыласы атанды.