Мемлекеттік қызметкерлер психологиялық тест тапсыра ма?

Мемлекеттік қызметкерлер психологиялық тест тапсыра ма?
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа қабылданар алдында психологиялық тестілеуден өте ме? Бұл сұраққа Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов жауап берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.    

«Мемлекеттік қызмет туралы ереже бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметкер жұмысқа қабылданар алдында іріктеуден өтеді. Одан бөлек мемлекеттік қызметкердің жеке басына баға беріледі», - деді Салауат Мүксімов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Оның айтуынша, саяси мемлекеттік қызметкерлерге басқа ереже қолданылады.

«Оларға талап басқа. Олар тағайындалуы мүмкін. Дұрысын айтқанда, саяси қызметкерлердің практикалық тәжірибесі мол. Әсіресе әкімшілік саласында. Өз ойым, олар психологиялық тексерістен өтті», - дейді ол.