Алматыда Тәжікстан азаматтары қалада пәтер ұрлығымен айналысқан

Алматыда Тәжікстан азаматтары қалада пәтер ұрлығымен айналысқан Сурет: Polisia.kz

Оларды “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы аясында қалалық криминалдық полиция басқармасының Алатау аудандық ПБ және полицияның арнайы жасақтарының қызметкерлері ұстады.


Таңғы сағат бес жарымда Шаңырақ шағын ауданында Тұрысов көшесіндегі үйлердің бірін тонап кеткен екі ер адам – Тәжікстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Ұсталған кезде күдіктілерден заттай айғақтар тәркіленді. Олар ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдіктілердің осыдан бірнеше күн бұрын қаланың Әуезов ауданында болған пәтер ұрлығына қатысы бар болуы мүмкін екені анықталды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы жан-жақты тексеріліп жатыр», – дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бірінші орынбасары Данияр Омаров.



Сонымен қатар қаскөйлердің қалада жалға алған Kia көлікпен жүргендігі белгілі болды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37