Мемлекет ауыл шаруашылығына 400 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді

Мемлекет ауыл шаруашылығына 400 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді
Сурет: Еgemen.kz

Қолдау жыл сайын артып келеді.

Қазақстанның ауыл шаруашылығын қолдауға 400 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі жыл сайын артып келе жатқанын айтты.

Биыл саланы субсидиялауға 400 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Сондай-ақ мемлекет жекелеген тауар топтарын өндіруге кететін шығынды азайтатыны мәлім болды.

Делдалдық бағдарламаға тауар өндірушілерді көбірек тарту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеушілерді қаржыландыруды ұлғайту мақсатында үлгілік ережелерде қаржыландырудың 70 пайызын бағыттау талабы белгіленген.

Бұған дейін Қазақстанда субсидия алу ережелерінің тым жиі өзгеруі наразылық тудырғаны хабарланған болатын.