Бас пен құлақтың ауыруына тістің қатысы болуы мүмкін бе?

Бас пен құлақтың ауыруына тістің қатысы болуы мүмкін бе?
Сурет: Ernur.kz

Құлақтың ауыруы мен бастың айналуы тісжегінің асқынған түрінен болуы мүмкін.

Бұл туралы ресейлік стоматолог-терапевт, стоматолог-пародонтолог Елена Мартынова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол тісжегінің стрептококк бактериясын тудыратынын еске салды. Ал бұл бактерия тез көбейіп, тісті бұзады. 

«Бактериялардың тамырдың жоғарғы жағына таралуы кезінде сүйек тінінің бұзылуы және гаймориттің  дамуы мүмкін. Сондай-ақ, тіс проблемаларынан бас айналып, құлақ ауруы пайда болуы мүмкін», - деп ескертеді дәрігер.

Сондай-ақ, стрептококктар ангина, отит, жүректің ішкі қабырғасын қабындырып, бүйрек ауруы мен ревматизмді тудыруы мүмкін. Пародонтитте бактериялар қан айналымы жүйесіне енеді, соның салдарынан ішкі органдардың ауруын тудыруға қауқарлы келеді. 

Мартынова тістің болмауы немесе олардың дұрыс орналаспауы астың дұрыс шайналмауына әсер ететінін, ал ол өз кезегінде ас қорыту жүйесі мен бауырдың ауруына әкелуі мүмкін. 

Бұған дейін стоматолог тістің бұзылуына әкелетін зиянды әдеттердің бірі ретінде темекі шегу екенін айтқан болатын.