Қазақстандық өнерпаздар талантымен еуропалықтарды таң қалдырды

Қазақстандық өнерпаздар талантымен еуропалықтарды таң қалдырды
Сурет: видеодан алынды

Бельгияда өткен бүкіләлемдік фольклорлық би фестивалінде 11 елдің бишілерімен бірге «Номад» хореография академиясының студенттері де өнер көрсетті.

8 бен 18 жас аралығындағы таланттар көптің назарына «Қазақ даласының аңызы» спектаклін ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 
Махаббат пен мейірімге толы қойылымда қазақ қыздарының батырлығы, халқымыздың салт—дәстүрі мен қонақжайлылығы кеңінен көрсетіледі. Сырға толы ұлттық аспаптардың қоңыр үні, көздің жауын алатын ұлттық киімдер бельгиялықтарды тәнті етті. Талантымен тамсантқан шеберлердің өнеріне көпшілік қошаметті жаудырды.

«Бұл өзгеден ерек спектакль. Хореографиясы сиқырлы. Хореограф Айнагүл ханымның балалармен керемет жұмыс істегені көрініп тұр. Жас таланттардың сахнадағы әр қимылы ерекше әсер берді», - дейді фестиваль директоры Даниэль Кустри.