Медеу ауданында 28 көше жөнделіп жатыр

Медеу ауданында 28 көше жөнделіп жатыр
almaty-akshamy.kz

Биыл ұзындығы 21,8 шақырым болатын 28 көшені орташа жөндеу жоспарланған. 8 көшені жөндеу қыркүйек айында аяқталды, қалған 20 көше бойынша жұмыстар осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады.

Аудан әкімдігі 2023 жылы көлемі 50 мың м2 жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізуде. Бүгінгі таңда көлемі
48 мың м2 болатын 57 көше жөнделді. Жұмыстарды осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

Бұдан басқа, ұзындығы 24,5 шақырым болатын 29 көшеде тротуарларды жайластыру жұмыстары жүріп жатыр. Ұзындығы 12 шақырым 11 көшеде жұмыстар орындалды. Жұмыстарды 2023 жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады.

Сонымен қатар, осы жылдың қазан айының соңына дейін аудандағы 13 көшенің бойындағы (Гоголь, Қалдаяқов, Қабанбай батыр, Қонаев, Жангелдин, Коперник, Қоңыр, Жамақаев, Сәтбаев, Алдар көсе, Абдуллиндер, Шевченко, Пушкин) іргелес аумақтар абаттандырылып (қара топырақ төсеу және газон егу), 6 шақырым техникалық тротуар салынады.