Қарашада дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

Қарашада дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазір объектіні Спорт басқармасының балансына беру жұмыстары жүргізілуде.

Кешен осы жылдың қараша айында ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оқушылар сарайын модернизациялаудың 2-ші кезеңі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде (жылыту, желдету және ауаны баптау, сумен жабдықтау және канализация жүйелерін ауыстыру, қуаты 1,4 мВт жаңа трансформаторлық подстанция орнату). Жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталады.

«Алатау» шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Бүгінгі күні объектіні Спорт басқармасының балансына беру жұмыстары жүргізілуде. Объекті осы жылдың қараша айында ашылады.

Сонымен қатар обсерваторияда жөндеу жұмыстары жасалып, жаңа лифт пен телескоп орнатылады. Жұмыстың аяқталуы 2023 жылдың желтоқсаны.

Анықтама үшін: 2022 жылы скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Сыртқы жарық ауыстырылды (182 бірлік), жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар (65 дана), бұталар (1721 дана) отырғызылды, газон (23,5 мың м2) және гүлдер (480 дана) егілді, 6 мың м2 (6091 м2) асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді, орындықтар (75 бірлік), урналар (64 бірлік) және суару жүйесі орнатылды, сонымен қатар жаңа фонтан салынды.