Мейрамханалар тамақ қалдықтарын қайда тастайды?

Мейрамханалар тамақ қалдықтарын қайда тастайды?
almaty-akshamy.kz

Ерболат Досаев мейрамханалардың тамақ қалдықтарын утилизациялауларына бақылауды күшейтуді тапсырды

Медеу ауданы тұрғынының сұрағы: Бізде Абай-Пушкиндегі мейрамханалар өздерінің  тамақ қалдықтарын біздің контейнерлерімізге тастайтын жазғы алаңдар бар. Үлкен қара сөмкелердегі қоқыс бізде түні бойы жатады. Рестораторлар ай сайын 68 мың теңге төлейтіндерін, екінші келісім-шарты бар екенін айтады. "Тәртіп" АҚ-мен келісім бойынша олар ҚТҚ – ны біздің контейнерлерге,  енді тіпті тамақ қалдықтарын да тастайтын болды.Бұл дұрыс емес қой . 

Аудан әкімі Еркебұлан Оразалиннің жауабы: Біз бұл нысанда бірнеше рет болдық. Тамақ қалдықтары туралы рестораторлармен  жұмыс  жасаудамыз. Олар бөлек келісімшарттар жасады. Менің орынбасарым тұрғындармен тікелей байланыста. Егер шағымдар болса, біз тағы да көреміз,ешқашан бас тартпаймыз. 

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: Аудан әкіміне тапсырма беремін: рестораторлармен жасалған келісім шартты қайта қөарау керек. Белгіленген уақытта процестің барлық қатысушыларымен қоқысты шығару мүмкіндігін анықтауды сұраймын, бұл ыңғайлы болады-кешкі сағат 10 немесе 11 - де.