Қытайдағы су тасқынынан 15 адам опат болды

Қытайдағы су тасқынынан 15 адам опат болды
Сурет: Regnum.ru

Тоқтамай жауған жауын салдары су тасқынына ұласты

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында су тасқынынан 15 адам опат болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап..

Із-түзсіз жоғалып кеткен тағы 3 тұрғын әлі табылмады. Негізі өңірде өткен аптадан бері жаңбыр толастамай тұр.

Қауіпті аймақта 2 миллионға жуық адам тұрып жатыр. Провинцияда ежелгі ескерткіштер өте көп. Билік тасқыннан соларға зақым келе ме деп қауіптеніп отыр. Бүлінген ғимаратта есеп жоқ. Табиғат апатынан келген материалдық шығын 780 миллион долларға бағаланып отыр.