Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді
Сурет: Қайырбек Сариев

Биыл Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толады.

Орал халықаралық әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілу туралы Қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Орал халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мәншүк Мәметованың есімі берілсін», - делінген нормативтік құқықтық актілер сайтында жарияланған қаулыда.

ҚР Үкіметінің 18 наурыздағы қаулысы шыққан күннен бастап күшіне енді.

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген.

1943 жылы 16 қазанда қаһармандықпен қаза тапқан. Оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Биыл Батыс Қазақстан облысында Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді.