Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Біз» атты фотокөрме өтеді

Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Біз» атты фотокөрме өтеді
Сурет: Pavlodarnews.kz

Аталмыш шара Almaty Gallery ғимаратында сағат 11.00-де басталады.  

Алматыда 17 маусым күні 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Біз» атты фотокөрме өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық саяси және заңды ақтау жөніндегі қалалық комиссия мен «Shon» қоры өткізеді.

Көрменің мақсаты – қазақ жеріне депортацияланған және күштеп қоныс аударылған адамдардың, яғни жазықсыз қуғын-сүргін құрбандарының жеке істерін зерттеу призмасы негізінде  сол қиын-қыстау кезең тарихына азаматтардың қызығушылығын арттыру. Экспозициялық материалдар ретінде құқық қорғау органдарына тұлғаны анықтау және тану мақсатында сол кездегі жеке істерден алынған қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың мұрағаттық фотоқұжаттары қабылданады.

Уақыт өте келе сарғайған мұрағаттық құжаттар біздің еліміз үшін шын мәнінде үлкен тарихи құндылық болып табылатын көптеген фактілерге жарық берді.

130-ға жуық этникалық топтардың мәдениеттері тоғысқан бүгінгі Қазақстанның күш-қуаты – халқының ізгі ниеттестігі және оның өзара ықпалдастығы нәтижесінде қалыптасқан мәдени байлығында.

Ұлттық тарихымыздың қиын кезеңіне айналған еліміздің өткеніне көз жүгірте отырып, біз бүгінгі күнімізде бар нәрсені бағалай білудің, тәуелсіз Қазақстанды сақтау мен дамыту үшін қателіктерді қайталамаудың ішкі қажеттілігін күшейтетін маңызды тәжірибе жинақтаймыз. Әрбір адам белгілі бір мәдениеттің өкілі ретінде қазіргі Қазақстанның біртұтас және қайталанбас мәдениетін құра отырып, қоғамның қалыптасуына өзіндік өшпес үлесін қосты.